ЖРВИ және тұмаудың алдын алу шараларын күшейту.

16.01.2017

    

12.01.2017 ж аудандық емханада медицина қызметкерлері арасында   ШАТҚҚБ –ның мамандарымен бірлескен  семинар-кеңес өткізілді. Семинарға СӨСҚК дәрігері С.Нұралина,эпидемиолог С.Игисинова, ШАТҚҚБ –ның бөлім меңгерушісі Г. Умирбекова, маманы Р.Елибаева қатысты. Мұнда АОТҚҚД –нен келген хатқа сәйкес  облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанынан 2017ж 5 қаңтарына дейінгі  ЖРВИ мен Тұмаудың эпидемиологиялық жағдайына тоқалып,аурушаңдықтың 1,0, ал 14 жасқа дейінгі балаларда 1,1 есеге өскенін баяндады. Осындай жағдай аудан бойынша да орын алып тұрғандығы айтылды.  ЖТД Г.Көрпебаева ЖРВИ мен Тұмаудың клиникалық белгілеріне  , асқынуларына тоқталып, әсіресе жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға аса көңіл аудару керектігі,емі жайлы айтты. Сонымен қатар үй жағалау ,ауырған адамға үйге дәрігер шақырту , ауруханаларда медицина қызметкерлері бет перде кию режимін сақтау , ауырып келген науқасты уақытша  оқшаулау бөлмесі жұмыс істеп тұру қажеттілігі айтылды. Тұрғындар арасында санитарлық-насихат жұмыстарын барынша күшейту. Барлығы  70  адам қатысты.