Қыз бала тәрбиесі –біздің болашағымыз.

23.01.2017

   Аудандық ауруханада «Желкен» ЖДО-да Жангельдин мектебінің 8-10 сынып қыз балалары  арасында  жыныстық тәрбие тақырыбына семинар-тренинг ұйымдастырылды. Негізгі мақсат қыз балаға жыныстық тәрбие туралы дұрыс , толық мағлұмат беру.  Семинарды акушер –гинеколог А.Қазымбетова жүргізіп қыз баланың өсіп жетілуі, жыныстық белгілердің дамуы және ерекшеліктері,еттеккірдің келуі,жеке бас тазалығы,репродуктивті денсаулық ,жыныстық жолмен берілетін аурулар ,олардың алдын алу жолдары туралы айтылып,қойылған сұрақтарға жауап берілді.Сонымен қатар АИТВ/ЖИТС инфекциясынан,зорлық-зомбылықтан  сақтану шаралары туралы тренинг өтті. Психолог психологиялық  тренинг ұйымдастырып,ақпараттық оқыту материалдары таратылды. Қатысқаны-18 адам.