Инфекциялық аурулардың алдын алудағы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 12.03.2015 ж №194 бұйрығына сәйкес өткізілген іс-шаралар.

23.01.2017

Инфекциялық аурулардың алын алу мақсатында №1 мектеп-гимназиясының 6-7 сынып, №3 мектептің 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ШАТҚҚБ –ның мамандары, аудандық аурухананың СӨСҚК мамандары , мектеп медбикелері қатысты. Дәрігер С.Нұралина оқушыларға туберкулез ауруының жұғу жолдары, белгілері,алдын алу шараларын айтып, аурудың алдын алуда БЦЖ  екпесінің өте маңызды екеніне тоқталды. ШАТҚҚБ маманы Р.Елибаева  ЖРВИ және тұмаудың жұғу жолдарына, белгілеріне ,асқынуларына,еміне,алдын алу жолдарына тоқталып ,дұрыс тамақтануға,жылы жүруге , ауырған  кезде  үй жағдайында дәрігердің кеңесімен  емделу керектігін айтты. Соңынан сұрақтар қойылып ,жауап берілді. Барлығы қатысқаны-170 адам.