Ерте жүктіліктің алдан алу.

26.01.2017

2017 жылғы  24 қаңтарда Қобда аудандық орталық ауруханасында  «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыздарға тренинг өтті. Семинарды Жастар Денсаулық орталығы мен  психолог Бахитова Н.А, акушер-гинеколог Мамаева Н.Ы  жүргізді. Бұл ісшараның мақсаты жасөспірімдердегі ерте жүктіліктің алдын алу болып табылады.   Қазіргі кезде жастар, жасөспірімдер арасында жоспарсыз жүктіліктің көбею себептері, зияндығы туралы    ақпарат  берілді. Ерте жыныстық қатынасқа түсудің қаншалықты ағзаға зиян екендігін, оның соңы және болашақ өміріне қиындық туғызатыны түсіндірілді. Осы жағдайдың алдын алу шарасы ең бірінші дұрыс тәрбие, ерте жүктілік туралы біліп түсіну, проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану, жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана мен жиі  әңгімелесу керектігі туралы ақпарат берілді. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды.  Оқушылар арасында қойылған сұрақтарға, нақты түсінікті түрде жауап берілді.  Акушер-гинеколог Мамаева Н.Ы контрацепцияның әртүрлі қолжетімді әдістері, жыныс арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу  және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізді. Тақырыпқа сәйкес жүктілік туралы  видеоматериал көрсетілді.  Қатысушыларға ақпараттық – білім материалдары (буклеттер) таратылды. Іс – шараға қатысқан мұғалімдер мен оқушылар саны - 52.