Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу апталығы.

08.02.2017

Жатыр мойны қатерлі ісігі әйелдер арасындағы ең көп  кездесетін  онкологиялық аурулардың    бірі,яғни сут безі қатерлі ісігінен кейін 2-ші орында тұр.Жыл сайын Қазахстанда 1300 әйел ауырып,оның 600 өмірден өтеді.Сондықтан осы дерттің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық  түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанда 2017-2019 жылдарда 23-29 қаңтар аралығында апталық өткізіледі. Сол апталық аясында Шалқар аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік» күні өтті.Оған акушер-гинеколог, аурудың алдын алу және психоәлеуметтік бөлім меңгерушісі, СӨСҚК дәрігері қатысып ,тұрғындар арасында жатыр мойны қатерлі ісігі туралы,оның пайда болуына әкелетін факторлар, клиникалық белгілері,алдын алу жолдары  және екпенің маңызы туралы слайд жасалды. Жатыр мойны қатерлі ісігінің қай жерде дамитыны,скринингтік тексерудің маңызы, онкоцитологияға  жұғындының   алу тәртібі туралы (пап тест) бейне фильм көрсетілді. Кеңестер беріліп,қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды. Қатысқаны-35 әйел.142 әйелден онкоцитологияға жұғынды алынды.10 әйел Ақтөбе қаласындағы маман дәрігерлерге жіберілді. Ақпараттық –оқыту материалдары таратылды.