Алға ауданы елді мекендерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді.

13.02.2017

             2017 жылдың  12-20 қаңтар аралығында  Алға аудандық орталық аурухананың дәрігерлері Алға ауданында әлеуметтік мәселелерді шешу бағытының денсаулық сақтау саласы бойынша Маржанбұлақ, Қарақұдық, Бестамақ, Бесқоспа, Тамды  елді мекендері мен Алға қаласының  тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.

           Аудандық аурухананың тәжірибелі дәрігерлері: жалпы тәжірибелі дәрігер Қ.Б.Жаумытбаева, дәрігер иммунолог, бала дәрігері А.И.Сұлтанғалиева, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Т.Қ.Сәтен, клиникалық-диагностикалық орталықтың меңгерушісі А.М.Ешекенова, амбулатория дәрігерлері  ауыл тұрғындарын, науқастарды қабылдады, жүре алмайтын науқастарды үйлеріне барып қарап, медициналық кеңестер берді. Дәрігерлер қабылдауға келген тұрғындарға тиісті кеңестерін беріп, лабораториялық зерртеулер жүргізуге және көрсеткіштері бойынша дәрігерлік жолдамалар берілді. Дәрігерлік амбулаторияларда бала дәрігері ауырып, үйде ем алып жатқан балаларға дәрігерлік консультация жасады.        

           Дәрігерлер екпеден бас тартқан ата-аналардың үйлерін аралап, адрестік түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екпенің маңызы, қай жаста, қандай ауруларға қарсы қандай екпе жүргізілетіндігі, екпеден кейін болатын әсерлер мен қадағалаулар, ол кезде ата-аналардың не істеу керектігі  жөнінде ақпараттық-оқыту материалдары түсіндіріліп, таратылды.