Қатерлі ісік ауруларының алдын алу онкүндігі.

15.02.2017

 

 

  Онкологиялық аурулардың алдын алуда уақытында  скринингтік тексеруден өту және дәрігерлердің онкологиялық аурулврды ерте анықтауда қырағылық көрсетудің маңызы зор.   Қатерлі ісіктерге шалдығу қаупін азайту мақсатында салауатты өмір салтын ұстану,яғни дұрыс тамақтануға көңіл бөлу,зиянды әдеттерден бас тарту, дене қозғалысы, күн сәулесін мөлшерден артық пайдаланбау қағидаларын есте сақтау.Онкүндік аясында аудандық ауруханада 3 ақпан күні «Ашық есік»күні  ұйымдастырылды.Оған кардиолог,онколог,акушер-гинеколог, алдын алу және психоәлеуметтік бөлім қызметкерлері қатысты. Кеңестер беріліп, маммографиялық, фГДС, онкоцитологиялық  тексерулердің маңызы туралы айтылылды. 7 ақпанда теміржол вокзалында «Менің қолымнан келеді» , «Біздің қолымыздан келеді» ұранмен акция өткізілді. Тұрғындарға скринингтік тексерудің маңызы түсіндіріліп, АҚҚ; қандағы холестерин,шекер мөлшері, бой,салмақ индексі өлшенді АОМ таратылды.Қамтылғаны-89 адам.

Аудан мектептерінде,колледжде  оқушы ,студенттер,мұғалімдер  арасында тренингтер,дөңгелек стол,тәрбие сағаттары,флешмоб,спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Онкүндік кезінде ФГДС-88, маммография-76, ПСА-58, онкологиялық жұқпа-264 адам өтті.