Семинар: «Құтырма – аса қауіпті індет. Құтырмадан қоғану және оның алдын-алу жолдары».

18.02.2017

   

 Ағымдағы 2017 жылдың 25 қаңтары күні Қарғалы орталық аудандық ауруханасының медицина мамандарының қатысуымен «Құтырма – аса қауіпті індет. Құтырмадан қоғану және оның алдын-алу жолдары» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.                        

     Семинарда дәрігер – хирургтар, эпидемиолог, терапевттер, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері баяндама жасап, дәрістер оқыды. Семинарға қатысушыларға аталмыш індетпен күресу және оның алдын – алу жолдары туралы ақпарат берілді. Басты назар -  антирабикалық көмек көрсету сұрақтарына аударылды.        

     Сонымен қатар, өткізіліп отырған семинардың басты мақсаттарының бірі тұрғындарға, соның ішінде, жеке тұрғын үй қожайындарын құтырма ауруы жөнінде ақпараттандыру мәселесі болды.

     Үй жануарларын ұстайтын жеке тұрғын үй қожайындарының өз үй жануарының мінез құлқындағы өзгерістерге аса мән беріп, өзге иесіз және жабайы жануарлармен қатынаста болмауын қадағалағаны дұрыс.  

э