Дәріс: «Зиянды әдеттер: Маскүнемдік және шылым шегу. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!».

18.02.2017

   

 Ағымдағы 2017 жылдың 25 қаңтарында аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін «Зиянды әдеттер: Маскүнемдік және шылым шегу. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында дәріс сабақтары өткізілді. Дәріс орталық аудандық аурухананың дәрігер терапевті мен салауатты өмір салты кабинетінің мамандары,  Қарғалы аудандық ТҚҚБ эпидемиолог маманымен бірлесе отыра жүргізілді.

     Мақсаты: Маскүнемдік пен шылым шегудің адам денсаулығы үшін қаншалықты зиян екендігін көрсету. Міндеті: Дәріс тыңдаушыларын өздерінің және өзін қоршағандардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.  

     Дәріс барысында өрт сөндіру қызметінің мамандарына маскүнемдік пен шылым шегудің адам денсаулығы үшін қауіптілігі мен олардың әсерінен туындайтын созылмалы аурулар жөнінде ақпарат берілді. «Зиянды әдеттер әлемі», «Шылымның түнегінде» атты анимациялық фильмдер мен жалпы маскүнемдік пен шылым шегудің зияндылығы туралы слайдтар көрсетілді.

     Қарғалы орталық аудандық ауруханасының дәрігер мамандарымен тұрғындар арасындағы маскүнемдік пен шылым шегудің алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып отырады.