ҚР Президентінің «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы Жарлығының тусіндірме жұмысының

05.04.2017

ХАТТАМАСЫ №1

31 наурыз 2017 жыл Ырғыз селосы

Өткізілген орны: Ырғыз орталық аудандық ауруханасы

Қатысушылар саны: 169 адам (3 адам іссапарда,еңбек демалысында - 4 адам ,бала күтімінде – 1 адам)

Күн тәртібі:

ҚР Президентінің «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы Жарлығын тусіндіру.

Ырғыз аудандық емханасының меңгерушісі Ә.Ж.Еділбаева жиынды ашып, Ақтөбе облысынан арнайы іс-сапармен ауданымыздың медициналық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде түсіндіру мақсатында келіп отырған жетекші маман ( заңгер кеңесші) А.О.Маулетоваға сөз берді.

Баяндамашы жетекші маман ( заңгер кеңесші) А.О.Маулетова:

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi заңнамалары:

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

- «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен Қазақстиан Респуликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;

Түсіндіру жұмысымен қоса көптеген мысал видеороликтер көрсетілді,медициналық қызметкерлер тарапынанда сауалдар қойылды.

Рентген-лаборант Рахметова Б.: Рентген-лаборанттарға сертификат алу міндетті ме?- деген маман тарапына сауал қойды, әрі қарай дәрігер-невропатолог Молдамұратов Б.Б.:- Дәрігерлер санатының уақыты өтіп кеткен жағдайда қайтадан алу ға бола ма?-деген сауалмен жалғастырды.

Жиынды қортындылаған емхана меңгерушісі Ә.Ж.Еділбаева ҚР Президентінің «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы Жарлығын басшылыққа алып жұмыс жасау қажеттілін ескертіп осындай жолдарға жол бермеу керек екендігіне біркісідей ат салысуға шақырды.

Жиналыс төрайымы Ә.Ж.Еділбаева

Хатшысы: С.Боранбайқызы